Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы жағдай былтыр 8 тамызда болған. Азамат Қалбағаевты бір топ жігіт алдап шақырып, ауыл шетіне алып кеткен. Ол жерде темір арматураны қолданып, асқан қатыгездікпен қанжоса қылып сабаған. Аяқ-қолы сынып, басы жарылған.
Азаматты ауыл адамдары тауып алып, ауруханаға апарған. Бірақ жігіт есін жимастан аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмады.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру") бойынша тергеліп, сотқа жіберілді.
Айып орындығында 8 адам отыр. Олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.