Қорғаныс министрінің түсініктемесіне жүгінсек, бұл бұйрыққа ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-жылдың мамырындағы «ҚР Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру шаралары жөніндегі» жарлығына сәйкес қол қойылған. Атап айтсақ, еліміздің әр аймағындағы әскери топтастықтардың жауынгерлік дайындығын жақсарту, әскери күштерді аумақтық деңгейде жедел басқару мақсатымен бұрынғы әскери округтер «Астана», «Шығыс», «Батыс» және «Оңтүстік» аймақтық командованиелер болып қайтадан құрылды.