"Халықтың талабы орындалды": Айгүл Орынбек Президенттің сұхбаты туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халықтың талабы орындалды": Айгүл Орынбек Президенттің сұхбаты туралы

"Халықтың талабы орындалды": Айгүл Орынбек Президенттің сұхбаты туралы

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың журналист Жайна Сламбекке берген сұхбаты туралы өз ойын айтты.

  • 18 Ақпан 2022
  • 327
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ең бастысы — Ана тілінде сұхбат берді!

Халықтың талабы орындалды!

Қазақ тілінде сұхбат бермеді деп ренжіп жазғанның бірі — мен едім. Бірақ, бүгінгі сұхбатында бұның да себеп-салдарына тоқталып, түсіндіріп берді.

"Ең бастысы — Адам құқығы! Жаныма батқаны “үтік басылып” қорланғандар еді…

“Азапталып жатқан адамдар жайлы білемін, адамдардың видео-үндеуі маған жетті. Әлеуметтік желіні оқып отырамын”. Бұл біраз әлеуметтік желі қолданушыларға жауап болды!

“Біздің және Сіздің жазғаныңызды Президент оқиды ма өзі?”- деп сұраушылар көп еді!

Президенттің бұл сөзі — талайға ой салды, әсіресе Президентке өтірік ақпарат беретін шенеуніктер білсін, Президентке халықтың үні әлеуметтік желімен жетеді!


Президент өз сөзінде “Шаш ал десе, бас алатындардың” бар екенін де айтып өтті!

Кінәлілер мен қылмыскерлер заңды жазасын алатынын да шегелеп айтты.

Иә, ешкім жазасыз қалмау керек!

Мемлекетке опасыздық жасаған басшылар да, қаланы өз пайдасына қиратқан қарақшылар да — заңды түрде жазасын алсын! Оларды ешкім ақтап жатқан жоқ!

Иә, бүгін Президент көп жақсы дүниелерді айтты!

Иә, Мемлекет — бәрімізге керек,бірақ мемлекет сол халықтан құралатынын ұмытпайық!", — деп жазды Айгүл Орынбек.