Бұл туралы әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасында оқырмандарының сауалына жауап жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Гүлзира ханым сізді бұрыннан оқимын, жақсы көремін. Бірақ, сіздің келіндеріңіздің арасында ең инабатты қазақи сабырлы тәрбиелі жүзі жылы ол Жұлдыз. Құдағиларыңыздын арасында да ең жүзі жылы Жұлдыздың ата-анасында. Басқа келіндеріңіз жаман деп айтпаймын орысша сөйлейтіндерін білем. Бірақ Жұлдызға жетпейді. Қайратпен бақытты болғанын қалаймын", деп жазды продюсердің оқырманы.
— Мен Жұлдызды сізден де артық жақсы көремін, алғашқы қызығым, төрт немеремнің анасы, ұлымның титтейінен сүйіп алған жары. Кейде ойлаймын, кейбіреулердің азғыруы әсер етті ма деп, байқасаңыз азғырушылар көп қой, адамды өзгертпеуіне қоймай жаза беретіндер, өзінің жағдайы мәз емес бола тұра ақыл айтқыштар.
Енесіне келінін, келініне енесін, не күйеуін жамандап азғырып, от үрлеп. Естерін жияр, төрт бүлдіршіндерінің бағына. Алла сабыр берсін, кім ұрыспай жатыр, деп жазды Айдарбекова.