“Жұмагелдиевтің артынан сол күндері кім ермеді”: Қамауда отырған Бердах Бекетовтың әпкесі інісінің қазіргі жағдайын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Жұмагелдиевтің артынан сол күндері кім ермеді”: Қамауда отырған Бердах Бекетовтың әпкесі інісінің қазіргі жағдайын айтып берді

“Жұмагелдиевтің артынан сол күндері кім ермеді”: Қамауда отырған Бердах Бекетовтың әпкесі інісінің қазіргі жағдайын айтып берді

“Qoslike” бағдарламасымен танылған Бердімұрат-Бердах Бекетов қаңтардағы бүлікке қатысқаны үшін тұтқындалған болатын. Тәртіпсіздікке қатысы бар деп қамалған белсендінің анасы мен әпкесі оның ешқандай кінәсі жоқ екенін айтады.

  • 2 Наурыз 2022
  • 10779
Фото - Caravan.kz

Stan.kz арнасына сұхбат берген Бердах Бекетовтың әпкесі оның Арман Жұмагелдиевке қатысы жоқ екенін айтты.

"Інімнің Арман Жұмагелдиевпен ешқандай байланысы жоқ. Халыққа көмектесеміз дегенді естіп, алаңға рухтанып барса керек. Арман Жұмагелдиевтің артынан сол күндері кім ермеді? Халықты құтқарады екен деп бәріміз соған табына қарадық қой. Кімнің ақ, кімнің қара екені әлі белгісіз. Алайда Бердахтың ешқандай қылмыстық топтармен байланысы болған емес.

Сол видеолардың таралуына өзіміз танитын бір кісілердің септігі тиген. Бір қазақ екінші қазақты көре алмайды. Айтсақ, өзімізге тиеді. Блогерлердің арасында жүрген сол адам өзінің instagram парақшасына “міне, митингіге шыққандар, бұларды ұстау керек” деп жариялап жіберген. Ең сорақысы, 21 қаңтарда Бердахтың ұлы дүниеге келді, өзін 22 қаңтарда ұстап әкетті", — деді Бердах Бекетовтың әпкесі.

Сондай-ақ, әпкесі інісінің қазіргі жағдайы туралы және іс қалай жүріп жатқаны туралы да айтты.