Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

 

  • 3 Наурыз 2022
  • 45
Фото - Caravan.kz

Украина тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина басшысы телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина тарапының бастамасы бойынша Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті", — деді Берік Уәли.

Ақорда мәліметінше, тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты.


Мемлекет басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.