Алматыда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңес аясында Хатшылық құру жоспарланды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңес аясында Хатшылық құру жоспарланды

Алматыда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңес аясында Хатшылық құру жоспарланды

Қазақстан жағы Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңес аясында саны шектеулі, мобильді әрі тиімді Хатшылық құруды жоспарлап отыр. Хатшылық Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңес аясындағы әр деңгейдегі кездесулерге техникалық қолдау көрсетуге, сессияаралық кезеңдегі мәселелерді үйлестіруге, ақпарат алмастыру және тарату жөніндегі байланыс бөлімшесі функциясын атқаруға тиіс. Бұл туралы пікірді бүгін, 7-шілдеде Алматыда басталған Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің арнаулы жұмыс топтарының отырысында ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов ортаға салды.

  • 7 Шiлде 2003
  • 420
Фото - Caravan.kz

«Біз Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске мүше-мемлекеттерге түсетін қаржылық ауыртпалықты азайту үшін әртүрлі қаржылық шығындарды азайтуға талпынамыз»,- деді ол.

Қ.Әбусеитовтың айтуынша, Хатшылықты құру — Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңесті басқадай функция атқаратын ұйымға айналдыру дегенді білдірмейді. Кеңес алдында тұрған ауқымды міндеттерді ескергенде мұндай орган керек деді ол.
Қ.Әбусеитовтың айтуынша, қазір ұйым алдында тұрған ең өзекті мәселе — процессті инстуционалдық рәсімдеу болып табылады.