АҚШ президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының жаңартылған жұмыс кестесінде айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Америка президенті "Ресейді жауапқа тарту" шараларын әлі де жалғастырады. Ол бүгін Нұр-Cұлтан уақытымен 21.45-те үндеу жасайды.
Бұған дейін Bloomberg дереккөздері АҚШ Ресей мұнайын импорттауға тыйым салуды қолдайтынын айтқан болатын.