Шошқаның жүрегін алғаш рет трансплантациялаған ер адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шошқаның жүрегін алғаш рет трансплантациялаған ер адам қайтыс болды

Шошқаның жүрегін алғаш рет трансплантациялаған ер адам қайтыс болды

АҚШ-та шошқаның генетикалық түрлендірілген жүрегі алғаш рет трансплантацияланған науқас қайтыс болды. Бұл туралы Мэриленд штатындағы университет ауруханасы мәлімдеді.

  • 10 Наурыз 2022
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Дэвид Беннетт, емделмейтін жүрек ауруы бар 57 жастағы науқас, ол шошқаның генетикалық түрлендірілген жүрегі алғаш рет трансплантацияланған адам ретінде тарихта қалған адам 8 наурызда қайтыс болды", — деді университет ауруханасының өкілдері.

Науқастың жағдайы бірнеше күн бұрын нашарлай бастаған.


Беннетке генетикалық түрлендірілген мүше 7 қаңтарда салынды.

"Операциядан кейін жүрегінің жағдайы бірнеше апта бойы жақсы болған", — делінген хабарламада.