ҚР үкімет басшысы 12-шілдеде Батыс Қазақстан облысын аралайды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы 12-шілдеде Батыс Қазақстан облысын аралайды

ҚР үкімет басшысы 12-шілдеде Батыс Қазақстан облысын аралайды

ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов 12-шілдеде жұмыс бабындағы сапармен Батыс Қазақстан облысын аралайды.

  • 11 Шiлде 2003
  • 410
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Сапар бағдарламасына сәйкес Д.Ахметов Қарашығанақ кеніші орналасқан Бөрілі ауданында, сондай-ақ, Орал қаласында болады.
Оралда үкімет басшысы «Зенит», «Гидроприбор», «Металлист» тәрізді ірі кәсіпорындардың жұмыс барысымен танысады.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, алдағы уақытта үкімет басшысының республикамыздың басқа облыстарына да сапары жоспарланған.