Мәслихат депутаттарының сайлауы демократиялық жағдайда әділетті әрі ашық өткізілуі тиіс - Орталық Сайлау комиссиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәслихат депутаттарының сайлауы демократиялық жағдайда әділетті әрі ашық өткізілуі тиіс - Орталық Сайлау комиссиясы

Мәслихат депутаттарының сайлауы демократиялық жағдайда әділетті әрі ашық өткізілуі тиіс - Орталық Сайлау комиссиясы

"Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы қазіргі қолданыста жүрген ескі сайлау заңы мен Орталық сайлау комиссиясының қаулыларына сәйкес өткізіледі. Бұл нормаларда ешбір олқылық жоқ. Бұл заңның негізінде де демократиялық , әділетті әрі ашық сайлау өткізуге болады". Бұл туралы бүгін, 18-шілдеде облыстық, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен Астанада өткен семинар-кеңесте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева хабарлады.

  • 18 Шiлде 2003
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Біздің мақсат- заң талаптарына қатаң бағына отырып әділетті әрі әділ сайлау өткізу болып табылады»,- деді ол. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының төрайымы семинар-кеңеске қатысушыларды «қазіргі қолданыстағы сайлау заңына қатысты айтылып жүрген дабыра сындарға мән бермеуді» сұрады. З.Балиеваның пікірінше бұл — саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен жекелеген кандидаттар тарапынан қолданылып отырған саяси технологиялардың көрінісі болып табылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәслихат депутаттарының сайлауы 2003-жылдың 20-қыркүйегінде өтеді. З.Балиеваның айтуынша, сайлау барысында заңдылықты сақтау үшін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері аймақ-өңірлерде жұмыс істейтін болады. Орталық сайлау комиссиясына мәслихат сайлауларына дайындық жұмыстарына қатысты арыз-шағымдар қазірдің өзінде келіп түсе бастаған.
З.Балиеваның хабарлауынша, орталық сайлау комиссиясының мүшелері сайлауға дайындық және оны өткізуге қатысты дәл осы тәріздес «ыңғайсыз мәселелерді» шешуге өзіндік ықпалын тигізетін болады.