Жыл басынан бері еліміз бойынша 62 мыңға жуық қылмыс тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері еліміз бойынша 62 мыңға жуық қылмыс тіркелді

Жыл басынан бері еліміз бойынша 62 мыңға жуық қылмыс тіркелді

Жыл басынан бері еліміз бойынша 61725 қылмыс тіркелді. Бүгін, 18-шілдеде Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменов осындай дерек келтірді.

  • 18 Шiлде 2003
  • 504
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, қылмыстар саны 11,1%-ке азайған. Соның ішінде ұрлық саны 16,3%-ке, кісі өлтіру оқиғасы 6,6%-ке, кәмелеттік жасқа жетпегендер жасаған қылмыстар саны 14,4%-ке кеміді. Биылғы жылы болған тапсырыспен кісі өлтіру оқиғаларының алтауы да әшкереленді. Жыл басынан бері 79 ұйымдасқан қылмыстық топтар құрықталып, 269 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды,- деді Қ.Сүлейменов.

Алғашқы жарты жылдықта полиция қызметкерлері айналымнан 12 тонна есірткі шығарып, есірткі заттарының контрабандасына қатысты 151 әрекетке тосқауыл қойылды. Министрдің айтуынша сондай-ақ, заңсыз көші-қонмен күрес шаралары пәрменденді, алайда шетелдік жұмысшы күштерін заңсыз пайдалану проблемасы әлі де өзектілігін жоймай отыр. Айталық, жыл басынан бері осы салада 5 мыңнан астам қылмыс-қайшылық әшкереленді.
Астанадағы қылмыстық ахуалға баға берген министр Елордасындағы ауыр қылмыстардың ашылмауына өкініш білдірді. Атап айтсақ, 15 жасар қыздың өліміне қатысты қылмыс пен соттан материалдар ұрлауға қатысты іс әлі күнге дейін әшкереленбей отыр. «Бұл оперативтік қызметкерлердің кәсіби деңгейінің төмендігіне байланысты. Алайда бұл адамдарды қуып таратып жіберу керек деген сөз емес, ең бастысы олардың кәсіби деңгейін шыңдау дұрыс. Біз осы бағытта істер тындырып жатырмыз»,- деді Қ.Сүлейменов.
Полиция қызметкерлерінің қазіргі материалдық қамтамасыздық мәселесіне түсініктеме берген министр учаскелік инспекторлардың жолақысына қатысты жеңілдіктердің алып тасталғанына келіспеушілік танытты. «Мекемеге жаңадан орналасқан қызметкерлердің 13-14 мыңнан аспайтын мардымсыз жалақысы онсыз да ауыр жағдайды одан бетер ушықтырып отыр»,- деді министр.
Ішкі істер министрі мұндай ахуалдың алдағы 2-3 жылда оң бағытта өзгеретіндігіне сенім білдірді.