Үлбі металлургиялық зауыты АҚШ қорғаныс логистикалық орталығынан 450 мың фунт тантал-ниобий концентраттарын сатып алу туралы тендерде жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үлбі металлургиялық зауыты АҚШ қорғаныс логистикалық орталығынан 450 мың фунт тантал-ниобий концентраттарын сатып алу туралы тендерде жеңіске жетті

Үлбі металлургиялық зауыты АҚШ қорғаныс логистикалық орталығынан 450 мың фунт тантал-ниобий концентраттарын сатып алу туралы тендерде жеңіске жетті

"Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның салалық компаниясы болып табылатын Үлбі металлургиялық зауыты (ҮМЗ) АҚШ қорғаныс логистикалық орталығынан (DLA) 450 мың фунт тантал-ниобий концентраттарын сатып алу туралы тендерде жеңіске жетті.

  • 21 Шiлде 2003
  • 1132
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Қазақатомөнеркәсібі» ҰАК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Жалпы алғанда 450 мың фунт тантал оксиді мен 370 мың фунт металл күйіндегі тантал сатылды. Тендер нәтижесінде Үлбі металлургиялық зауыты тантал оксидінің әрбір фунтын 19 доллардан 40 тонна тантал-ниобий концентратын сатып алды.
Тендерге АҚШ-тың мемлекеттік қорындағы концентраттар шығарылған.
Нәтижесінде Үлбі металлургиялық зауыты АҚШ-қа танылып қана қоймай, тантал шикізатын нарықтағы бағадан арзанға сатып алумен бірге, зауытты ұзақ мерзімге тантал шикізатымен қамтамасыз ете алды.
Үлбі металлургиялық зауытының тантал өндірісі құрамында плавик қышқылын өндіретін цехы, тантал және ниобий шикізатын химиялық-металлургиялық өңдеу цехы мен металлургиялық цехы бар ірі кәсіпорын болып табылады. Тантал өндірісін дамытудың басым бағыттары ретінде жоғары технологиялық металл ұнтақтар өндіру жолдарын игеру, тантал-ниобий шикізаттарын кешенді өңдеу технологиясын ойлап табу әрі осы саладағы техникалық мүмкіндіктерді қалыптастыру, барлық түрлі ниобий өнімдерінің өндірісін игеру бағыттары таңдап алынған.