Еуропалық Қайта құру және даму банкінің жаңадан тағайындалған бас хатшысы 25-шілдеде Алматыға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық Қайта құру және даму банкінің жаңадан тағайындалған бас хатшысы 25-шілдеде Алматыға келеді

Еуропалық Қайта құру және даму банкінің жаңадан тағайындалған бас хатшысы 25-шілдеде Алматыға келеді

Еуропалық Қайта құру және даму банкінің жаңадан тағайындалған бас хатшысы Джони Акерхолм бастаған өкілдері алғашқы таныстық мақсатымен 25-шілдеде Алматыға келеді. Бұл туралы Еуропалық Қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінен хабарлады.

  • 21 Шiлде 2003
  • 389
Фото - Caravan.kz

Бір күндік сапар барысында Еуропалық Қайта құру және даму банкінің жаңадан тағайындалған бас хатшысы Алматыда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченкомен, ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелерімен, сондай-ақ, еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездеседі.

Еуропалық Қайта құру және даму банкінің жаңа бас хатшысы Джони Акерхолм бастаған өкілдер Ташкенттен қайтар жолда Алматыға ат басын тіремекші.
2003-жылдың маусым айындағы жағдаймен Еуропалық Қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы несиелік қоржыны 759 млн. евроны құрайды.

Соңғы жаңалықтар