Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
"Егер америкалықтар бізден Польшада атом қаруын орналастыруды сұраса, біз бұған дайынбыз. Бұл Мәскеуді оқшаулауды айтарлықтай арттырады", — деді Качиньский.
Качиньский сондай-ақ АҚШ-тан Еуропадағы америкалық әскер санын көбейтуді сұрады және әскерлердің басым бөлігі НАТО-ның шығыс қапталына орналастырылуы керек екенін айтты.
"Польша Ресейдің үнемі өсіп келе жатқан агрессивтілігі аясында АҚШ-тың қазіргі 100 000 сарбазын 150 000-ға дейін көбейтуді құптайды. Бұл ретте шығыс қапталға, яғни Ресеймен шекараға 75 000 сарбаз орналастырылса, бір ғана Балтық және Польшада 50 мың жауынгер болуы керек", — деді саясаткер.
Оның айтуынша, Польшада НАТО-ның үлкен жедел басқару орталығын құру қажет, одан альянстың бірлескен операцияларын жоспарлап, өткізуге болады.
"Бұл Мәскеуге НАТО-ның жоғары деңгейі Шығыста да бар екендігінің айқын белгісі болар еді", — деді Польша премьер-министрінің орынбасары.