Головкиннің кезекті жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкиннің кезекті жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Головкиннің кезекті жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегі "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан көрсетіледі, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sputnik Қазақстан -ға сілтеме жасап.

  • 4 Сәуiр 2022
  • 62
Фото - Caravan.kz

Жекпе-жекті қазақстандықтар тікелей эфирде көре алады. 9 сәуірде қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында жергілікті Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кәсіпқой рингтегі 44-ші кездесуін өткізеді.

Бұл жекпе-жекте Головкинның IBF, IBO және Муратаның WBA Super чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.

"Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарында трансляция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады. Онлайн qazaqstantv және qazsporttv.kz сайты мен Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі.

Бұған дейін IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 KO) бұл жекпе-жекте кепілдендірілген гонорары 12,3 миллион доллар екені айтылды.


Сома жекпе-жек нәтижесіне қарамастан, қазақстандық боксшыға төленеді. Ал оның қарсыласы – жергілікті боксшы, WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы Риота Мурата (16-2, 13 KO) 4,1 миллион доллар алады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера