Бұл туралы KZ-today тілшісіне «Укртатнафта» ЖАҚ-ның баспасөз қызметінің Украина президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат жөніндегі бас басқармасына сілтеме жасай отырып таратқан хабарламасынан мәлім болды.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, «Укртатнафта» ЖАҚ -ның 43,054%-тік акцияларын сатып алуға кәсіпорынның 56 процент акцияларын иемденетін Ресейлік «Татнефть» , «Укрсиббанк» және «Приватбанк» коммерциялық банктері , Ресейлік ТНК компаниясы мен Қазақстандық «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ ниет білдіріп отыр.
«Трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік «Укртатнафта» мұнай компаниясы» ЖАҚ Украина және Татарстан президенттерінің жарлықтары негізінде Кременчуг мұнай өңдеу зауытының базасында 1995-жылы құрылған. «Укртатнафта» ЖАҚ-ның жарғылық қоры 740,5 мың гривенді құрайды.
«Укртатнафта» ЖАҚ-ның жарғылық қорының 43,054 проценті Украина мемлекеттік мүлік қорының, 56 проценті Татарстан жағының иелігінде.