Бұл Қ.Есеновтың халықаралық байқаулардағы алғашқы табысы емес. Былтыр ол Шотландияда өткен математика пәнінен халықаралық олимпиадада екінші орынға табан тіреген. Сондай-ақ, 2002-жылы АҚШ-та өткен ғылым және техника жөніндегі Дүниежүзілік көрмеде Қуат Есенов өзінің «Тетраэдрдің таңғажайып нүктелері » атты ғылыми жобасымен үшінші орынға көтерілді.
Биыл Павлодардағы №8 лицейдің тағы да екі оқушысы тамыз айында Америка Құрама Штаттарында өтетін информатика пәнінен халықаралық олимпиадада Қазақстанның намысын қорғайды.
№8 лицей — Павлодардағы ең озық оқу орындарының бірі. Соңғы 10 жылда 490 лицей түлегінің 487-сі жоғары оқу орындарына түскен. Олардың арасында Мәскеудегі Бауман атындағы жоғары техникалық университеті сынды жетекші Ресейлік жоғары оқу орындары мен Қазақстандағы озық білім беру мекемелеріне оқуға түскендер бар.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр