Жылдың бірінші жартысында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда экспорттық түсім 14,6%-ке қысқарып 209,4 млн. долларды құрады. Ал импорт көлемі 13,3%-ке артып, 87,7 млн. долларға жетті.
Сөйтіп, сыртқы сауда сальдосы 121,7 млн. долларлық оң көрсеткішті құрады. Ал 2002-жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 167,8 млн. долларды құраған болатын.
Экспорттық өнімдер негізінен ТМД елдеріне жөнелтілді. Жалпы экспорт көлемінің ең жоғары мөлшері, яғни, 76,6%-і Ресей Федерациясының үлесінде. Бұл Ресейдің Алтай аймағы және Омбы облысымен шектесетін Павлодар облысының жағрафиялық орналасуына байланысты болса керек.
Ал жалпы экспорт көлемінің 21,2%-і алыс шетелдердің үлесінде.
Экспорттық тауарлардың басым бөлігін минералды ресурстар иемденіп, оның 90%-і ТМД елдеріне жіберіледі.
Атап айтсақ, «БАК» ЖШС мен «ЕЭК» ААҚ Екібастұз көмірін Ресей Федерациясына экспортқа шығаруда.
Ал облысқа шетелдерден әкелінетін өнімнің басым бөлігі, яғни, 63,7%-і Ресей Федерациясынан, 16,3%-і Германиядан, 4%-і Украина, Польша, Беларусь және АҚШ-тан әкелінеді. Жалпы импорт көлемінің 40%-ін машиналар, құрал-жабдықтар мен көлік құралдары иемденуде.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Мәдениет
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Мәдениет
3 Мамыр