ҚР ішкі істер мекемесі осы мерзімде заңсыз сақталған 418 қару-жарақ пен 677 дана оқ-дәрі, соның ішінде 5 граната тәркіледі. Қару-жарақтардың арасында бесатар, тапаншалар, карабиндер мен кесік мылтықтар бар.
Азаматтардың өз еркімен полицияға тапсырған қаруларының арасында 501 мылтық және газды қарулар бар, соның ішінде 15 бесатар және карабин, 8 тапанша, 419 аңшылық қаруы мен 12 кесік мылтық бар.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында азаматтар 46 қару-жарақ, соның ішінде 44 аңшылық қару мен 1 газды тапанша мен 1 қол кісенін өткізді.
Сондай-ақ, 123 оқ-дәрі тапсырылды.
Екі күн ішінде қару-жарағы бар 1925 адам тексеріліп, лицензиялық-рұқсат жүйесі тәртібін бұзуға байланысты 131 оқиға әшкереленді. Ішкі істер мекемесінде тіркелмеген 38 қару, соның ішінде 2 кесік мылтық тәркіленді.
Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшылығы жергілікті БАҚ-тар арқылы қару-жарақты өз ықтиярымен өткізу туралы тұрғындарға арнап түсіндірмелік мәлімдемелерді күн сайын жасауда.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр