2002-жылы сотталған ол жоғары білім игергендігі жөнінде диплом алуға қолұшын беру жөнінде ҚР әділет министріне арыз жазыпты. Сотқа дейін Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 5-курсында оқып жүрген жігіт дипломдық жұмысын қорғап үлгермеген.
Сөйтіп қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Павлодар облыстық басқармасының қолдауымен ол Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қашықтан оқыту бағдарламасына сәйкес 5-курсқа қайтадан қабылданды. Университет оқытушылары студенттің кейбір пәндер бойынша тапсырмаған сындарын тапсыруы үшін түзету мекемесіне тікелей келіп, сын қабылдап, дипломдық жұмысты жазуы үшін кеңестер берді. Соның нәтижесінде биылғы жылдың маусым айында сотталған азамат «Дербес жылыту жүйелерінің конструкциясы» деген тақырып бойынша жазылған дипломдық жұмысын жақсы деген бағамен қорғап шықты.
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Павлодар облыстық басқармасындағылардың айтуынша, алдағы уақытта басқарма жоғары оқу орнын бітіре алмағандарға ғана диплом алуға жағдай жасай алады.
Бүгінде Павлодар облысы аумағында орта білімі жоқ 477 адам абақтыда отыр.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр