Ақтөбе облысында есірткі заттарын сақтау ережесін бұзған екі медицина қызметкері сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында есірткі заттарын сақтау ережесін бұзған екі медицина қызметкері сотталды

Ақтөбе облысында есірткі заттарын сақтау ережесін бұзған екі медицина қызметкері сотталды

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында есірткі заттарын сақтау ережесін бұзған екі медицина қызметкері сотталды. KZ-today тілшісіне құқықтық статистика және арнаулы есеп комитетінің облыстық басқармасынан хабарлауынша, медицина қызметкерлері екі ай мерзіммен түзету жұмыстарына жіберіліпті.

  • 24 Шiлде 2003
  • 476
Фото - Caravan.kz

Ал Ақтөбе облысының Шалқар ауданында қарасора өсімдігін заңсыз өсіру дерегі әшкереленді. Құқықтық статистика және арнаулы есеп комитеті облыстық басқармасының мәлеметтеріне жүгінсек, Ақтөбе облысында 2003-жылдың бірінші жартысында заңсыз есірткі айналымына қатысты қылмыстар саны 16 процентке азайған. Осындай қылмыстың басым бөлігі Ақтөбе және Хромтау аудандарында тіркеліп отыр.

Мамандардың айтуынша, облыстық наркологиялық диспансерде тіркеуде тұрған нашақорлар саны 1747 адам. Олардың төртеуі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер.