Гүлзира Айдарбекованы туған күнімен ұлдары мен құрбылары ерекше құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гүлзира Айдарбекованы туған күнімен ұлдары мен құрбылары ерекше құттықтады

Гүлзира Айдарбекованы туған күнімен ұлдары мен құрбылары ерекше құттықтады

Продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа жаста. Сағат 12 болған бойдан оны ұлдары мен құрбылары туған күнімен құттықтады.

  • 12 Сәуiр 2022
  • 741
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Құшағы гүлге толған продюсер туған күні туралы жылы естелігімен бөлісті.

"Дәл бүгін 12 ші сәуір космонавттар күні, әкешім Дәрібай ұлы Үсенмен анашым Башар қызы Зайфун, өмірге шыр еткізіп 1968 жылы отбасымыздағы 7 ші перзенті етіп өмірге алып келіпті. Жандары жәннатта болсын! Сағат тілі 12:00 ді көрсеткеннен бастап, құттықтаулар, тағат таппай шырылдаған телефон қоңыраулары, құшақ-құшақ гүлдер жүрегімнің дүрсілін сағат тілінен де екі есеге көбейтіп жібергендей сезімде болдым. Менің мына өмірде бар екенімді ескеріп, көңіл бөліп құшақ-құшақ гүлімен келіп жатқан жақындарымның біріне алғысым шексіз! Айлардың Сұлтаны Ораза айына қабаттасып келген туған күнімде ағайын туыс, дос-жарандарға ауыз ашар беріп, дұға-тілектерін есітер уақыт кешке жалғасын табатын шығар деп ниеттеніп отырмын Алла амандық берсе. Ел тыныш, жұртымыз, отбасымыз аман болып, жамандықтан емес, жақсылықтан шаршай беруді Алла жазсын! Құрметті оқырмандарым,ойлап қарасам, күнделікті барыммен бөлісетін екінші бауырларым, өздеріңіздің жылылыққа, махаббатқа толы жүрек жарды дұға-тілектеріңізді есітуге асықпын. Көз жасымыз тек қуаныштан болсын Қазақ елі", — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.