Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Жезтаңдай әнші өз сөздерін Арал тұрғындарына араша түсуден бастаған.
"Мен соғыста болдым. Бірақ Аралдағы жағдайды бір сөзбен айтқанда, тоқтату мүмкін емес. Соғысты тоқтатуға болады, атом бомбасын тоқтатуға болады, ұшақты тоқтатуға болады. Бірақ мұны тоқтату мүмкін емес. Біз мына жақта айтып жатырмыз,бірақ ана жақта табиғат өз дегенін істеп жатыр. Бұл біздің "ұлы ғалымдар" жасаған нәрсе. Олар құрсақтағы тұтас бір ұлтты жойып жатыр. Мұндай ғалымдар туралы қалай айтуға болады? Басқа уақытта біз оларды зиянкестік деп айтар едік. Егер олар КСРО академигі болса, Социалистік Еңбек Ері немесе екі, үш дүркін лауреаты болса біз не айтамыз? Қазақ жерінде: Семейде полигон, Байқоңырда космодром, Аралда у. Сонда қазақтар қалай өмір сүреді? Егер бұл жағдай шетелде, Америкада орын алса біз бұл бүкіл халықты өлтіріп жатыр деп жар салар едік. Қазақстанды ғана еме, мен көп жерлерде болдым. Өте ауыр тиді. Көзі жоқ, таңдайы жоқ, басында шашы жоқ, қол-аяғы жоқ боп туған балалар. Бұл нені білдіреді? Кімнен сұрау керек? Кімге айту керек? Тұтас ұлттың қайғы-қасіреті жеткізу үшін тағы қандай жерлерге бару керек"- деді Роза Бағланова.
Ұлтына жасалып жатқан қастандық жайлы қасқая айтқан, Қазақтың бір туар әнші қызы- Роза Бағланованың мына видиосын көріп, тебіренбеген адам болмаған шығар. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын апамыздың… Енді сұрақ, сол апатты кезде Аралдың халқын Солтүстікке неге көшірмеді екен… Достығымда Арал өңірінің адамдары барма? Теріскейге көшіп келмесеңізде, келіп, көріп кетулеріңізді сұраймын. Құнарлы, қара топырағы қалың жерлерде тұрған қаншама ауылдар бос қалып жатыр..
Posted by Burahan Daqanov on Wednesday, April 13, 2022