Танымал тұлғалардың жарнамадан табыс табуын шектелмеуін қарастыру керек - Сарапшы қаржы пирамидасы жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал тұлғалардың жарнамадан табыс табуын шектелмеуін қарастыру керек - Сарапшы қаржы пирамидасы жайлы

Танымал тұлғалардың жарнамадан табыс табуын шектелмеуін қарастыру керек - Сарапшы қаржы пирамидасы жайлы

Соңғы кездегі қаржы пирамидаларына қатысты орын алған оқиғалардан кейін сарапшы Рүстем Ашетаев оларды реттеудің тетіктерін ұсынды. Оның пайымдауынша, кез-келген үлкен алаяқтық схемалар - сондай әрекетке заң мүмкіндік бергенде ғана орын алады.

  • 15 Сәуiр 2022
  • 135
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz  медиа порталы хабарлайды. 

Сонымен сарапшы ұсынған қаржы пирамидаларын реттеудің жолдары қандай:

1) Әдетте, мұндай қаржылық пирамидалардың басшылары шетелдіктер болады. Олар жауапкершілікке тартылмайды. Өйткені, біздің қолданыстағы заң бойынша АО, ТОО т.б. құрылымдардың құрылтайшылары жауапкершілікке тартылмайды. Тек қана сол құрылымның тағайындалған директорлары ғана жауапкершілікке тартылады(заңымыз бойынша солай).

Сондықтан, қаржылық құрылымдардың негізгі құрылтайшылары шетелде отырып "директордың" қолымен басқарады. Ең алдымен заңның осы тұсына өзгеріс енгізу керек.

2) Кез-келген үлкен алаяқтық схемалар — сондай әрекетке заң мүмкіндік бергенде ғана орын алады. Демек, біздің заңдарымызда осындай әрекеттерге мүмкіндік беретін "тесіктері" бар деген сөз. Олай болса ҚР ІІМ-гі(үкімет) осындай "тесіктері" бітелген заң жобасын әзірлеп парламентке ұсынулары керек(кезектен тыс).

3) Кез-келген "пирамидалық" жүйенің заңды тұлға ретінде тіркелуіне жол бермейтін заңдар керек. Ол үшін осы бағытта әбден тісқаққан тергеушілерден жұмысшы тобын жасақтап, солардың тәжірибесіне сүйене отырып министірлік пен парламентке ұсыныстар әзірленуі керек.


Ресейдің доллар жүйесінен шығамын деуі АҚШ экономикасының күл-паршасын шығарады

4) Кез-келген ұйымдарды жарнама жасау үшін мем.к бір мекеменің рұхсаты болу керек деп те ұсыныс берер едім. Кез-келген вайнер-блогерге жарнамаға тапсырыс берерде, тапсырыс берушінің қолында осындай рұхсат қағазы да болуы міндетті болса.

Өйткені, танымал адамдардың жарнамамен табыс табулары — негізгі табыс көздері болуы мүмкін. Әлемдегі көптеген танымал тұлғалардың негізгі табыс көзі жарнама. Ондай мүмкіндіктен біздің танымал адамдарымызды шектелмеуін де қарастыру керек.

Үкіметтің міндеті — реттеу болғандықтан, бұл мәселені реттеуді де өз қолына алулары керек.

5) Өзін өртеген әйел 20 млн т сол пирамидаға салыпты деп естідім. Сонда, сол 20 млн т-нің 200 мың теңгесін өзінің қаржылық-экономикалық сауатын ашуға қыйған болғанда мұндай жағдайға түспес еді.