Инвестиция туралы заң Қазақстанға салынатын инвестиция көлемін тұрақтандыруға кепілдік береді - ҚР қаржы министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Инвестиция туралы заң Қазақстанға салынатын инвестиция көлемін тұрақтандыруға кепілдік береді - ҚР қаржы министрі

Инвестиция туралы заң Қазақстанға салынатын инвестиция көлемін тұрақтандыруға кепілдік береді - ҚР қаржы министрі

2002-жылы қабылданған инвестиция туралы заң "Қазақстанға салынатын инвестиция көлемін тұрақтандыруға кепілдік береді". Бұл туралы 29-шілдеде Вашингтонда ҚР қаржы министрі Ерболат Досаев мәлімдеме жасады. Ол АҚШ сауда палатасы мен Жаңа тәуелсіз мемлекеттер туралы іскерлік ақпарат алмасу жөніндегі қызметінде өткен екі семинарда Қазақстанның салық саясаты және еліміздегі энергетика саласының болашақ дамуы туралы баяндама жасаған болатын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Шiлде 2003
  • 4217
Фото - Caravan.kz

Е.Досаев Қазақстанның мақсаты- инфрақұрылым, машина жасау, мұнай химиясы және ауылшаруашылығы салаларын дамыту үшін жеке меншік секторға салынатын инвестиция көлемін ұлғайту болып табылатынын хабарлады.

Тұрақты экономикалық дамуға жағдай жасау бағытындағы мемлекеттік саясатқа тоқталған Е.Досаев Қазақстанда қабылданған жерді жеке меншікке беру туралы заң ТМД аясында тұңғыш заң екенін, әрі ол жеке меншікке кепілді құқық беретінін жеткізді.
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жақсарған сайын ҚР үкіметі әртүрлі салық тетіктерін пайдалану арқылы экономикалық дамуды одан әрі пәрмендендіру мүмкіндіктерін қарастыра береді деп қорытты өз сөзін ҚР қаржы министрі.
Семинар аясында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі В.Школьниктің таныстыруы арқылы Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін дамыту туралы жаңа мемлекеттік бағдарламаның тұсаукесер рәсімі өткізілді .