Солтүстік Қазақстан облысында бір науқас қарумен қорқытып жедел жәрдем машинасын айдап әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында бір науқас қарумен қорқытып жедел жәрдем машинасын  айдап әкетті

Солтүстік Қазақстан облысында бір науқас қарумен қорқытып жедел жәрдем машинасын айдап әкетті

Солтүстік Қазақстан облысында бір науқас өзін аудандық ауруханаға жеткізіп бара жатқан жедел жәрдем машинасын қарумен қорқытып айдап әкетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-нан хабарлады.

  • 31 Шiлде 2003
  • 386
Фото - Caravan.kz

Полицияның ақпаратына сүйенсек, мойны мен ішінен жарақаттанған 27 жастағы Владимир М. Полудино ауылының фельдшерлік-акушерлік бөлімшесіне көмекке жүгінеді. Ішінен біздің ұшы көрініп тұрған жігіт қызғаныш салдарынан әйелімен жаңжалдасып, өз ішіне өзі біз сұғып алғанын жеткізді. Оны алу үшін дәрігерлер жігітті аудандық ауруханаға жеткізуге ұйғарады.

Ауруханаға барар жолда зардап шегуші көлік жүргізушісінен шылым сұрайды. Өтініші қанағаттандырылмағанына ашуланып өзін ауылға кері қайтаруды талап еткен жігіттің тұмсығы тағы да тасқа тиеді. Сөйтіп, ішіндегі бізді суырып алып, оны медбикенің мойнына тақай ұстаған жігіт машинаны кері бұруды талап етеді. Темекі әкелуге жұмсалған жүргізуші жолай өтіп бара жатқан «Жигули» автокөлігі арқылы полицияға хабар берген.
Бұл ақпаратты алған полиция қызметкерлері темір жол өткелегін жауып, оқиға болған жерге жедел топты жіберген. Келіссөздер нәтижесінде науқас медбикені босатып, аудандық ІІБ-на жеткізілді.
Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «Адамдарды заңсыз бас бостандығынан айыру » жөніндегі 126-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.