Орақ науқанына дайындықтарын дәйектей алмай кешеуілдеп отырғандардың қатарында Қарақоға, Тимирязев және Корнеев қырмандары бар. Е.Айнабековтың айтуынша, егер орақ науқаны басталғанға дейін қырмандардағы кемшіліктер жойылмаса ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы олардың астық сақтау жөніндегі лицензиясын кері қайтаруға құқылы. Өткен жылы материалдық-техникалық қамтамасыздық және тазалық деңгейінің осалдығы салдарынан екі қырманның лицензиясы кері қайтарып алынған болатын.
Ал бұған керісінше, Мамлют қырманында жуырда ғана астық сапасын анықтауға арналған жаңа зертхана кешені орнатылды. Е.Айнабековтың айтуынша, жаңа жабдық астықтың ылғалдылық деңгейі, протеин мөлшері, клейковинасы тәрізді 10 көрсеткіш бойынша толыққанды мәліметтерді 1 минуттың ішінде бере алады. Мұндай кешендер биылғы жыл ішінде облыстағы барлық қырмандарда орнатылуы тиіс. Бұл — жыл сайынғы тексеруден өтуге қажетті шарттардың бірі болып табылады.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр