“Марғұланды тыңдап, ұқсағысы келген қазақ жастары қандай бақытсыз, сорлы еді” - Ахметбек Нұрсила - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Марғұланды тыңдап, ұқсағысы келген қазақ жастары қандай бақытсыз, сорлы еді” - Ахметбек Нұрсила

“Марғұланды тыңдап, ұқсағысы келген қазақ жастары қандай бақытсыз, сорлы еді” - Ахметбек Нұрсила

Бизнесмен Ахметбек Нұрсила миллиардер Марғұлан Сейсембайдан үлгі алатын қазақ жастарын сынап тастады.

  • 21 Сәуiр 2022
  • 1791
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мұның бәрі — масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы — қиын іс.
Абай

Марғұланды тыңдап, ұқсағысы келіп жүрген Қазақ жастары қандай бақытсыз, сорлы, дүниенің құлы болып өседі деп ойлаймын.

"Қызғанасың, көре алмайсың" деген жазбаларды қабылдамаймын.. "Дүние боқ" деген қазақ ұстанымындамын.

АБАЙ Қара сөздер (18-қара сөз)
Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек — дұрыс іс.

Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ — кербездің ісі.

Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ.

Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» — дейтұғын болмаққа ойланбақ.


Мұның бәрі — масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы — қиын іс.

Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де — ақымақтық", — деп жазды Ахметбек Нұрсила.