Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,12 теңгеге артып, 444,04 теңгеге тең болды. Айта кетейік, долларының 21 сәуірдегі ресми бағамы — 444,03 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы — 445,28 теңге, ал сатылымы — 448,73 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 445,34 теңгеден сатып алады, 447,27 теңгеден сатады.