АҚШ сенатының халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы болып табылатын Р.Лугар ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеңес Одағынан мұраға қалған ядролық және халықты жаппай қырып-жоюға арналған басқа да қару түрлерінен бас тарту жөніндегі шешімін жоғары бағалады. Сондай-ақ, ол қарусыздану саласындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі бірлескен бағдарламаны жүзеге асыру барысында 10 жылда қол жеткізілген ілгерілеушіліктерге қанағаттанарлық баға берді. АҚШ-тың танымал саясаткерінің атап көрсетуінше, әсіресе «Сапфир» атты бірлескен жобаға жоғары баға беру дұрыс. Аталмыш жоба аясында 1994-жылы Қазақстаннан АҚШ-қа 600 кг жоғары байытылған уран шығарылды.
Р.Лугардың пікірінше, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарусыздану саласындағы ықпалдастық тәжірибесі халықаралық күрделі қайшылықтарды шешуде үлгі болуы тиіс.
Әңгіме-дүкен барысында екі ел арасындағы осы бағыттағы ынтымақтастықтарды одан әрі нығайтудың маңызы атап көрсетілді. АҚШ-тағы ҚР елшісі Қанат Саудабаев президент Нұрсұлтан Назарбевтың Р.Лугар мырзаға өзіне қолайлы мерзімде Қазақстанға келіп қайтуға шақырған жолауын табыс етті.
АҚШ пен бұрынғы Кеңестік Республикалар арасындағы Өзара қауіп-қатерді азайту жөніндегі бірлескен бағдарлама бойынша ынтымақтастықтың іргетасын қалаған заңның жобасы 1992-жылы сенаторлар Р.Лугар мен С.Нанның бастамасымен жасалған болатын. Қазір бұл бағдарлама Нанн-Лугар бағдарламасы деген атаумен белгілі. Содан бері Қазақстаннан әрқайсысының қуаты 1 мегатонн тротил эквивалентіне тең 1100 ядролық оқтұмсық шығарылып, 500-ге жуық ядролық сынақ өткізілген Семей ядролық полигонының инфрақұрылымы жойылды, Степногорск қаласындағы биологиялық қару өндіру зауыты істен шығарылды. Сондай-ақ, бұдан басқа да ондаған жоба жүзеге асырылды.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр