Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіттің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабымен іс қозғалған.
"Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды", — деп хабарлады ПДі.
Еске салайық, елордалық полицияға қала тұрғынынан кешкі уақытта белгісіз ер адам үйінің кіреберісінде 16 жастағы қызына тиіскені туралы хабарлама түскен.
"Іздестіру шараларын жүргізу барысында 20 жастағы студент ұсталды. Биылғы жылдың 18 сәуірінде жас жігіт аялдамада қызды кездестіргені анықталды. Автобуспен бірге жүріп, оның соңынан ерген. Үйінің кіреберісінде онымен таныспақ болады. Бірақ қыз қарсылық білдірген соң оны еркінен тыс қорламақ болған", — делінген хабарламада.