"Өскемен титан-магний комбинаты" ААҚ-ның таза пайдасы бірінші жарты жылдықта 91,4 процентке дейін кеміді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өскемен титан-магний комбинаты" ААҚ-ның таза пайдасы бірінші жарты жылдықта 91,4 процентке дейін кеміді

"Өскемен титан-магний комбинаты" ААҚ-ның таза пайдасы бірінші жарты жылдықта 91,4 процентке дейін кеміді

2003-жылдың алғашқы жартысында "Өскемен титан-магний комбинаты" ААҚ-ның таза пайдасы 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 91,4 процентке дейін азайып 84,805 млн. теңгені құрады,- делінген компанияның қаржылық есебінде.

  • 1 Тамыз 2003
  • 715
Фото - Caravan.kz

Есепте атап көрсетілгеніндей, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда компанияның жеке және жарғылық қоры бұрынғы деңгейде қалып, 7,496 млрд. теңге және 21,582 млн. теңгені құрады. Есепті мрзімде компания активтері 1,8 процентке артып 8,428 млрд. теңгеге жетті. Ал міндеттемелер көлемі 19,3 процентке артып 932,277 млн. теңгені құрады.

Жалпы алғанда, есеп бойынша, кәсіпорынның сауда-саттық көлемі 2003-жылдың алғашқы жартысында 20,3 процентке азайып, 4,756 млрд. теңге болды. Бұл ретте сауда-саттықтың өзіндік құны 9 процентке кеміп, 4,052 млрд. теңгені құрады.
Компанияның басты іс-қызметі — жоғары сапалы титан және магний өндіріп сату болып табылады.

Соңғы жаңалықтар