Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі жазасын жеңілдетуді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі жазасын жеңілдетуді сұрады

Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі жазасын жеңілдетуді сұрады

Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы жұбайы Бақытбек Есентаев соттан жазасын жеңілдетуді сұрады.

  • 24 Сәуiр 2022
  • 277
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Алматы облыстық соты хабарлады.

Бақытбек Есентаев Қапшағай маңындағы Заречный ауылындағы қатаң режимдегі ерлер колониясында жатыр. Бұл аса ауыр қылмыс жасаған адамдар жазасын өтеп жатқан ең жоғары қауіпсіздік мекемесі. Баян Мақсатқызының бұрынғы жұбайы осыдан екі жыл бұрын жазасын жеңілдетуді сұрағаны таяуда ғана белгілі болды.

"2020 жылы сотталған Бақытбек Есентаев оған қатысты Қылмыстық кодекстің 6-бабын қолдану туралы, яғни "Жазаны өтеуді жеңілдету туралы" өтініш берді. Алайда сол жылдың 6 сәуірінде Қапшағай қалалық соты бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты", — деп хабарлады Алматы облыстық сотының өкілдері.

Бақытбек Есентаев оны орташа немесе ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстыруды сұраған болуы керек.


Еске салайық, Бақытбек Есентаев 2016 жылдың қарашасында сотталған болатын. Ол әйеліне қатысты "Адам өлтіру әрекеті" үшін кінәлі деп танылды.