Жол апаты Мәскеу-Алматы бағытындағы темір жолдың 429-шақырымындағы қорғалмайтын өткелегінде болды. «Жигули» жүргізушісі «Құмшағал-Түлкібас» бағытындағы отарбамен соқтығысып қалған. Апат салдарынан автокөлікте отырған үш жолаушы мерт болып, жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға түсті.