Қазақстан мен Қытайдың әскери саладағы ынтымақтастығы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытайдың әскери саладағы ынтымақтастығы талқыланды

Қазақстан мен Қытайдың әскери саладағы ынтымақтастығы талқыланды

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен елімізге ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Вэй Фэнхэнің екіжақты кездесуі өтті.

  • 26 Сәуiр 2022
  • 196
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Тараптар күн тәртібіндегі өзекті және басымдық берілген екіжақты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу практикасын жалғастыру, екі ел әскери қызметшілерінің далалық машықтан түрлі жарыстарға қатысуы, қарулы күштер мен әскери-техникалық ынтымақтастық үшін білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді", — делінген ведомство хабарламасында.

Одан бөлек, қорғаныс министрлері бітімгершілік саласында бірлескен іс-қимылды жолға қою қажеттігі жөнінде уағдаласты.


Қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты форматта да, халықаралық ұйымдар шеңберінде де Қазақстан мен Қытай қарулы күштері арасындағы өзара іс-қимыл басымдықтарына жоғары баға берді.

Сонымен қатар, Қазақстан-қытай әскери ынтымақтастығын нәтижелі дамытудың әлеуеті де атап өтілді.