Бозымбаев "Алтын Орда" базарына жүргізілген тексеріс туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бозымбаев "Алтын Орда" базарына жүргізілген тексеріс туралы айтты

Бозымбаев "Алтын Орда" базарына жүргізілген тексеріс туралы айтты

"Алтын Орда" базарында бұзылмаған бірде-бір заң жақ, оның ішінде көші-қон заңнамасы да.

  • 26 Сәуiр 2022
  • 90
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Әңгіме барысында өңір басшысы Алматы облысындағы "Алтын Орда" базарын тексерістің алдын ала қорытындысына тоқталды.

"Қазіргі Бас прокурор Берік Асылов нақты қарап, мән-жайын анықтап, соған сәйкес тапсырмалар берді және облыстық прокуратураның қамқоршылығымен санитарлық-эпидемиологиялық станция, сәулет қадағалау, жер, экология, салық органдары және т.б. — бәрі тексеруге кірісті ("Алтын Орда" базарын — еск.). Қорытынды актілер жоқ, бірақ алдын ала нәтиже бар. Санитарлық, экологиялық, құрылыс және төтенше жағдай нормаларының көптеген заң бұзу дерегі анықталды. Жалпы, бұзылмаған бірде-бір заң жоқ. Соның ішінде көші-қон заңнамасы — жақында тағы бір рейс жасалды, қайтадан заңсыз келген 250 мигрант анықталды. Сондықтан, әрине, бұл базарда тәртіп орнату қажет", — деді ол.

Әкім базарда орналасқан ғимараттардың жартысы заңсыз салынғанын қосты.


"Ешқандай санитариялық талаптар сақталмаған, мигранттар мен гастарбайтер тұратын көп жатақхананың лай суы тікелей өзенге құйылады", — деді Қанат Бозымбаев.

Еске салайық, ақпанның басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырған болатын.