"Миллион сияқты": Әбдіжаппар Әлқожа көрімдіктен түскен қомақты ақшаны мешітке аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Миллион сияқты": Әбдіжаппар Әлқожа көрімдіктен түскен қомақты ақшаны мешітке аударды

"Миллион сияқты": Әбдіжаппар Әлқожа көрімдіктен түскен қомақты ақшаны мешітке аударды

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа су жаңа көлік  мінді.

  • 26 Сәуiр 2022
  • 313
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Ораза айында жақсы жаңалығымен бөліскен әнші:

"Құрметті ағайын жақсы жаңалығыммен бөлісейін деп шештім. Жаңа көлікті болдым Алланың арқасында. Арты алты адамдық достарымды, бауырларымды отырғызып алып кете беретін болдым. Құттықтап қойсаңыздар болады",- деп жазды. 
Әріптестері мен достары көлігіне салған көрімдіктің бәрін Әбдіжаппар Әлқожа Мешітке аударып жіберді.

"Сіздер өте қайырымды іс жасадыңыздар. Алла разы болсын. Әмина Қажы апамыз мешіт салып жатыр екен, соған қомақты қаржы керек болып жатыр, сіздердің берген ақшаларыңызды сіздердің аттарыңыздан салып жіберетін боламын",- деп сөзін аяқтады.


Әбдіжаппар Әлқожа мешіт құрылысы үшін қанша қаржы аударғанын жария етпеуге тырысыпты. Осылайша жалпы соманың бірқатар сандарын бояп тастаған. Дегенмен екі нөлдің боялғанын аңғарып, шамамен 1 млн теңге аударылды деп болжады.