"Елуімде ұл тапқыздым": Әнші 60 жасында да ұлды болғысы келетінін жасырмады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Елуімде ұл тапқыздым": Әнші 60 жасында да ұлды болғысы келетінін жасырмады

"Елуімде ұл тапқыздым": Әнші 60 жасында да ұлды болғысы келетінін жасырмады

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші, "Қарағым-ай" әнінің орындаушысы Сүлеймен Ибрагимов елу жасында ұлды болғанын айтты. 

  • 27 Сәуiр 2022
  • 168
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әнші журналист Марал Анарбекке берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Баласының тұсауын ақын Олжас Сүлейменовтың кескен. 

— Елуімде ұл тапқыздым. Олжалы бала Олжас деп үйдегі жеңгең қойды. Кейбіреулері қалжыңдап Елубай деп қоймадың ба дейді. Ұлды болуым Алланың, денсаулықтың арқасы. Өзімді жақсы күтемін, әсіресе жеңгең жақсы баптайды,дейді әнші. 

Саумал ішіп, қазы-қарта жейтінін жасырмады. 


Бағдарлама барысында журналистің 60 жасыңызда да ұлды болыңыз дегеніне қуана алақан жайып, бет сипады.