"Кәсіпкерлердің шырылдауы тегін емес": "Алтын-Орда" базарын қырғыздарға сатып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кәсіпкерлердің шырылдауы тегін емес": "Алтын-Орда" базарын қырғыздарға сатып жіберген

"Кәсіпкерлердің шырылдауы тегін емес": "Алтын-Орда" базарын қырғыздарға сатып жіберген

Алматы қаласындағы "Алтын-Орда" базары қырғыздардың қолына өткені рас па? Желіде осыған қатысты видео тарап кетті. 

  • 27 Сәуiр 2022
  • 1495
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тоқтар Жақаштың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.  

"Кеше "Алтын-Орда" базарында журналистерге жауап беруге шыққан жаңа басшысы мен оның айналасын қоршап жүрген бір топ телеохранительдердің ұлты қазақ емес-ау деп күдіктенген едім. Тілдеріндегі акценттен байқадым. Ол сұрақты өзіне тікелей қойдым да. Басында "мұндай ұлтаралық тақырыпты қозғауға болмайды" деп жалтарды. Өзінің азаматтығы туралы сұрағанымда "Қазақстан" деп жауап берген. Енді міне, қып-қызыл өтірігі шығып отыр! Бұл адамның аты-жөні Эрмек Маркабаев, Қырғызстан азаматы екен! Қырғыз еліндегі "Сары озон" базарының қожайыны. Яғни, "Алтын Орда" базарын Данияр Әлпиев билікке де айтпастан, қырғыз азаматтарына сатып жіберген сияқты. Кәсіпкерлердің шырылдауы тегін емес екен! Бұл мәселеге билік дереу назар аударып, тоқтатуы тиіс! Дүйім журналисті оп-оңай алдай салған Маркабаев ертең талай кәсіпкерді қан қақсататыны анық!

— Анау артында қара очки киген телеохранительдері түгел қырғыз!, деп жазды Тоқтар Жақаш.  


"Енді жетпегені қырғыздар еді?", "Беті айтып тұр ғой, қырғыз екенін. Қырғызға дейін құдай болғасын…", "Қырғыз бандиттеріне біздің базарды беру миға сыймайды", деп жазды оқырмандар.  

 

Кеше "Алтын-Орда" базарында журналистерге жауап беруге шыққан жаңа басшысы мен оның айналасын қоршап жүрген бір топ…

Posted by Тоқтар Жақаш on Tuesday, April 26, 2022