"Өзенмұнайгаз" ААҚ өз иелігіндегі кеніштерден бірінші жарты жылдықта қосымша 79 мың 907,5 тонна мұнай өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзенмұнайгаз" ААҚ өз иелігіндегі кеніштерден бірінші жарты жылдықта қосымша 79 мың 907,5 тонна мұнай өндірді

"Өзенмұнайгаз" ААҚ өз иелігіндегі кеніштерден бірінші жарты жылдықта қосымша 79 мың 907,5 тонна мұнай өндірді

Мұнай өндіруші "Өзенмұнайгаз" ААҚ 554 ұңғыға күрделі жөндеуді жүзеге асыру нәтижесінде өз иелігіндегі кеніштерден бірінші жарты жылдықта қосымша 79 мың 907,5 тонна мұнай өндірді. Ұңғылардың 362-сі мұнай, 13-і газ, 179-ы айдаушы ұңғылар. Барлығы 5035, соның ішінде 4195 мұнай, 840 айдау ұңғысына жер асты жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Өзенмұнайгаз" компаниясының геология және кеніштерді игеру департаментінен хабарлады.

  • 7 Тамыз 2003
  • 659
Фото - Caravan.kz

2003-жылдың бірінші жартысында 88 ұңғы жойылды (2002-жылы 142), олардың 30-ы мұнай өндіруші (59), 58-і айдаушы (83) ұңғылар. Жалпы алғанда 2003-жылы 174, соның ішінде 60 өндіруші, 114 айдаушы ұңғыларды жою көзделген. 2002-жылы барлығы 1013 ұңғыға күрделі жөндеу жасалып, қосымша 270421 тонна мұнай өндірілді.

2003-жылы 110 өндіруші және 53 айдаушы ұңғыны іске қосып, 60 өндіруші және 40 айдаушы , барлығы 100 ұңғыны тұтынымнан шығару межеленген.
Қазір «Өзенмұнайгаз» ААҚ Шығыс Өзен, Өзен, Қарамандыбас, Батыс теңге, Тасболат, Ақтас, Оңтүстік Жетібай тәрізді 7 табиғи газ және газ конденсаты кеніштерін соңғы сатыда игеруде.