Солтүстік Қазақстан облысында жүк поезы мотоциклді қағып кету салдарынан бір адам мерт болып, бір адам жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында жүк поезы мотоциклді қағып кету салдарынан бір адам мерт болып, бір адам жарақаттанды

Солтүстік Қазақстан облысында жүк поезы мотоциклді қағып кету салдарынан бір адам мерт болып, бір адам жарақаттанды

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Асанов теміржол бекетінде жүк таситын отарба темір жолға өте жақын жерде жолдан айналуға әрекет жасаған "Урал" мотоциклін қағып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінің маманы Раушан Темірбаева хабарлады.

  • 7 Тамыз 2003
  • 452
Фото - Caravan.kz

Мотоциклдің тізгінінде 17 жастағы қыз, оның артқы орындығында қыздың 38 жастағы өгей шешесі, ал мотоцикл арбасында бір жүргінші отырған.

Р.Темірбаеваның айтуынша, мотоцикл автокөлік құралдарына арналған жолдан тысқары, шойын жол полотносын жағалай төселген құмның үстімен, сол сәтте өтіп бара жатқан жүк таситын отарбаны жанай жүріп келе жатқан. Қас пен көздің арасында мотоциклді қағып аударып жіберген отарба оны алысқа лақтырып жіберсе керек.
Апат салдарынан мотоциклдің артында отырған әйел оқиға орнында мерт болып, жүргізуші ауруханаға түсті. Ал арбада отырған жүргінші зардап шеккен жоқ.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, тек соңғы бір аптада облыста жеңіл көлік құралдарының қатысуымен үш жол апаты болып, екі адам көз жұмған.