Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Оның сөзінше, "Азаматтарға арналған үкімет" Қазақстан ІІМ-мен бірлесіп ХҚКО-ларда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын енгізу бойынша жоба әзірледі. Олар биометриялық жүйемен және түсінікті интерфейспен жабдықталған.
"Клиенттер өз бетінше келіп, суретке түсіп, ең жақсысын өзі таңдап, көші-қон қызметкерлеріне өтініш жібере алады. Қазіргі уақытта бірлескен бұйрыққа қол қою мәселесі шешіліп жатыр. Жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында осы терминалдарды іске қосамыз", — деді ол ОКҚ брифингінде.
2021 жылы елімізде 2,4 миллион жеке куәлік пен төлқұжат рәсімделген.