Оралдағы "Ивушка" сауықтыру орталығында тамақтан улану салдарынан ауруханаға түскен балалардың басым бөлігі дерттен айықты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдағы "Ивушка" сауықтыру орталығында тамақтан улану салдарынан ауруханаға түскен балалардың басым бөлігі дерттен айықты

Оралдағы "Ивушка" сауықтыру орталығында тамақтан улану салдарынан ауруханаға түскен балалардың басым бөлігі дерттен айықты

Оралдағы "Ивушка" сауықтыру орталығында тамақтан улану салдарынан ауруханаға түскен балалардың басым бөлігі сырқатынан айығып ауруханадан шықты. 7-тамыздағы кешкі 18 сағаттағы жағдаймен ауруханада 50 бала жатыр, олардың 14-і ауырғандармен қарым-қатынаста болғандар, 2-і транзиторлық науқастар. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 8 Тамыз 2003
  • 869
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, балалардың денсаулық ахуалы орташа деп бағаланып отыр. Санитарлық-эпидемиологиялық тексерулер мен балалар денсаулығына күнделікті бақылау одан әрі жалғасуда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, зардап шеккендердің барлығы облыстық құрт ауруына қарсы «Ивушка» балалар диспансерінде емдеуде болған. Азық-түлік инфекциясы сапасыз тағам тұтынудан болып белең алды. Балалардың барлығы да шілденің 21 мен 23-і аралығында жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Тамақтан улану салдарынан барлығы 102 бала зердап шегіп, 12 жасар қыз қайтыс болды.
Сондай-ақ, сауықтыру орталығының медбикесі А.Сариева жұқпалы аурулар ауруханасына «сальмонеллез» деген диагнозбен профилактикалық емдеуге жатқызылды.
Санаторийде эпидемияға қарсы шаралар қолданылып, тазалық талаптарын өрескел бұзу оқиғалары анықталды. Жауапты адамдарға қатысты материалдар қалалық сотқа жіберіліп, балаларды жаппай уландыру себептерін тексеру одан әрі жалғасуда.