Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді

Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді

5 мамырда Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматына қарсы қару қолданған.

  • 6 Мамыр 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Джалал-Абад облысы Ала-Бука ауданы Актам ауылдық әкімшілігіне қарасты Добо-Коргон елді мекенінде болған. Үш қырғызстандық оқ жарақатын алып, Ала-Бука ауданындағы ауруханаға жеткізілген. Сол жерде олар есін жимастан қаза болған.

"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ала-Бука бағыты бойынша Қырғыз Республикасының шекара өкілі Өзбекстанның Янги-Курган бағыты бойынша шекара өкілімен кездесу өткізді. Тараптар қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша кездесуді 6 мамырда жалғастыруға келісті. Дерек бойынша тергеу амалдары басталды", — деді Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өкілдері.