Петропавл қаласында "Мектепке апарар мейірбан жол" атты шара басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл қаласында "Мектепке апарар мейірбан жол" атты шара басталды

Петропавл қаласында "Мектепке апарар мейірбан жол" атты шара басталды

Петропавл қаласы әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия жаңа оқу жылы қарсаңында облыс орталығында "Мектепке апарар мейірбан жол" атты шараны қолға алды. Ондағы мақсат - көп балалы және кедей отбасындағы балаларға арнап киім-кешек , аяқ-киім және қажетті оқу құрал-жабдықтарын сатып алуға жәрдемдесу. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық әкімшіліктің әлеуметтік сала және жастар саясаты бөлімінің маманы Иина Бусыгина хабарлады.

  • 11 Тамыз 2003
  • 665
Фото - Caravan.kz

Комиссияның қаладағы кәсіпорын және мекемелер басшылары мен кәсіпкерлерге арнаған мәлімдемесі жұма күні жергілікті барлық газеттерде жарық көріп, телеарналар арқылы таратылды. Бұл мәлімдемеге бірінші болып үн қосқан «Отан» партиясының облыстық филиалы апалы-сіңлілі Нина мен Елизаветаны мектепке қамдауға арнап 40 мың теңге бөлді. Бұл қаржыға қыздарға тек сөмке мен мектеп жабдықтары ғана емес, сондай-ақ, киім-кешек пен аяқ киім де сатып алынды.

Осындай шара қалада жыл сайын өткізіледі. Өткен жылы осындай шара аясында 300 бала, соның ішінде мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттайтын 152 бала көмекке ие болды. Жалпы білім беру қорынан кедей отбасындағы бүлдіршіндерді тегін тамақтандыру және киім-кешекпен қамтамасыз ету мақсатында 692 мың теңге бөлінсе, демеушілік көмек желісімен 650 мың теңге жиналды. Шараға әртүрлі деңгейдегі 188 басшы қатысты.