Бұл туралы ол Tik Tok желісіндегі парақшасында жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ләйлә Сұлтанқызы сұхбатта маған мынадай сұрақ қойды: "Қарапайым қызды соска, әдемі жасау үшін қанша ақша қажет?" деді.
Мен шамамен есептедім, қазіргі кезде арзан нәрсе жоқ. Екі миллион теңге дедім. Неге? Мысалы, шаштарын бояп жүрген қыздар жақсы біледі. Оған жоқ дегенде 80 мың теңге керек. 80 мыңға әдемі баллая жасайды. Бірақ сен баллаямен тоқтап қалмайсың. Бет күтімдері бар, пласмасасы бар, терапиясы бар. Минимум 30,40 мың кетеді. Айына оны 4-5 рет жасау керек. Әрі қарай косметика сатып аламыз, лазерлік депиляция жасаймыз. Мен базалық күтімді ғана айтып тұрмын. Соның өзіне екі миллион теңге кетіп қалады. Бірақ мен ондай ақшаны құртпаймын. Мен жай, жай жасай бастаған адаммын. Қазір бәрін бартерге жасаймын. Сондықтан "Диана бет күтіміне 2 миллион теңге жұмсайды" дегенді тоқтатыңдар", — деді Диана Қырықбай.