"Берем десе форточкадан береді": Айнұр Тұрсынбаева 3 жасар баланы құтқарған әке жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Берем десе форточкадан береді": Айнұр Тұрсынбаева 3 жасар баланы құтқарған әке жайлы

"Берем десе форточкадан береді": Айнұр Тұрсынбаева 3 жасар баланы құтқарған әке жайлы

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева 3 жасар баланы құтқарып, үйлі болған Сәбит жайлы өз ойын айтты. 

  • 13 Мамыр 2022
  • 122
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.  

"8 этаждан 3 жасар баланы аман алып қалған Астаналық Сәбиттің анасының сұхбатынан үзінді. 

Форточкадан берді ғой міне! 

Үнемі қайталайтыным сол ғой. 

Жақсы сөйлеңдер немесе үндемеңдер!", деп жазды.  

Қызылордалық Сәбит егіз баланың сыңары. Еншісін алып кеткеніне 14 жыл болған. Айлығы күйбең тірліктен ауыспайтын Сәбит үнемі қалжыңдап " Құдай берем десе, форточкадан да береді" деп айтып жүрген. Құдай аузына салған ба, расымен де тәуекелге бел байлап, ерлік көрсеткен Сәбит бүгінде үйлі болды. Әрине, ол өз басын қатерге тігіп, баланы ажал аузынан құтқарды.