"Қолбасшылық қасиет көрсетпеді": Экс-қорғаныс министрі Бектанов 15 жылға жазаланады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қолбасшылық қасиет көрсетпеді": Экс-қорғаныс министрі Бектанов 15 жылға жазаланады

"Қолбасшылық қасиет көрсетпеді": Экс-қорғаныс министрі Бектанов 15 жылға жазаланады

Бұрынғы қорғаныс министрі Бектанов  ұрыс жағдайында билікті асыра пайдалану  бойынша, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  • 16 Мамыр 2022
  • 62
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Adyrna.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін ведомство экс-министрдің қаңтар оқиғасы кезіндегі "әрекетсіздік фактісі" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған.

«Министр Бектанов қолбасшылық қасиет көрсетпеді. Қолымызда командалық-штабтық және әскери оқу-жаттығулар кезінде жақсы нәтиже көрсеткен армия болғандықтан, біз қиын жағдайда оның әлеуетін пайдалана алмай, сырттан көмекке жүгінуге мәжбүр болдық», — деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бітімгершілік контингенті әкелу қажеттігін түсіндіргенде.