Нұр-Сұлтан қаласында лифтте келіншегін аяусыз ұрған еркектің депутаттықтан үміткер әйелдің баласы екені анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан қаласында лифтте келіншегін аяусыз ұрған еркектің депутаттықтан үміткер әйелдің баласы екені анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында лифтте келіншегін аяусыз ұрған еркектің депутаттықтан үміткер әйелдің баласы екені анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында лифтте әйелін аяусыз ұрған жігіттің депутаттықтан үміткер әйелдің баласы екені анықталды. Әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адамның ісін тергеушілер дұрыс қарамаған көрінеді. 

  • 18 Мамыр 2022
  • 592
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Айгүл Орынбектің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек партия мүшесі өз келінін қорғап, баласына дұрыс тәрбие бермей ма деп жазды әлеуметтік желіде. 

"Мынау бейнежазбадағы жігіт — Шымкенттегі AMANAT партиясының мүшесі, депутаттыққа үміткер Гүлайым Шунгараеваның ұлы екен!
«Инстагарам» желісіндегі direct-ме көмек сұрап шыққан қыздың туыстары:«қылмыстық іс қозғалмай, бұрмаланып жатыр»,-деп шағымданып, көмек сұрауда!
Естеріңізде болар, дәл осы Гүлайым ханым өткен жылы өзінің сайлау алды бағдарламасында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресіп, арнайы әйелдерге арналған орталықтарға барып көмек беретінін, ұлттық құндылық, сосын тәлім-тәрбие жөнінде көсіліп жазған еді.
Гүлайым ханым, Сіз осы зорлық-зомбылық жайттарына қалай араша түсіп, көмек беріп жүрсіз? Сол кезде-ақ, Мен жылдар бойы қоғамда әйелдер қауымының құқығын қорғап, заңгерлік кеңес беріп жүрсемде, сізді мүлдем көрмегенмін ғой деп те сұрақ қойғанымда, бұрқан-талқан болған едіңіз!
«Орталық аралап, сырттағы әйелдерге көмек бердім»,- деп оны көпшілікке көрсеткенше, үйдегі өз келініңізге көмек қолын созып, қамқорлық танытпайсыз ба?!
Әйелді дәл осылай тепкілеп тұрып таяққа жығып, ұрып-соғуға болмайтынын Гүлайым ханым өз баласына үйрету керек бірінші! Тәрбие басы — талбесіктен!
Гүлайым ханым елге ақыл айтып, жұрттың баласын тәрбиелемей-ақ, алдымен өз балаңызды тәрбиелеп алсаңызшы!

Парақшаңызды өшіріп қашқанмен, мына видеоны интернеттен өшіре алмайсыз!


А айтпақшы Аружанға заңгерлік көмекті өзім көрсетемін!", деп жазды заңгер. 

Естеріңізге сала кетейік,  лифтіде соққыға жығылған әйелдің жан айқайы туралы жазған болатынбыз.